Теле2 байланыс желісінде оператор болып жұмыс істеймін. Әр түрлі адамдар қоңырау шалады. Әркімнің өзіндік мәселесі бар. Біреулерде гудок бармайды, біреулерде бірлік шамадан тыс көп алынған, ал біреулер қонырау шалады да үндемей тұрады. Маған күніне орта есеппен 300 абонент қоңырау шалады. Бұл дегеніңіз айына 7500 адам. Бірақ бір қоңырау болды, бәлкім мен бұл қоңырауды ешқашан ұмытпайтын шығармын. Ендігі кеш болып қалды. Күндізгі кезекшілігім аяқталып қалғандықтан көңіл күйім жақсы болатын. 50 лер шамасындағы ер адам қоңырау шалды. - Теле2 компаниясы! Қайырлы күн! - Бикеш, өтінемін, қарап жіберіңізші, *** бұл нөмірден соңғы рет қашан қоңырау жасалынғанын. Құжат мәліметтерін тексердім, сим карта біраз айлардан бері қолданылмай тұр екен. Егер 180 күн ішінде қолданылмаса бұғатталатынын(блокировка) ескертпекші болып едім сөзімді бөліп жіберді. - Ия, ия білемін. Бұл менің әйелімнің нөмірі... Үнсіздік.. - Сіз мені естіп тұрсыз ба? - Ия, кешіріңіз... Бұл менің әйелімнің нөмірі. Ол 4 ай бұрын өмірден озды. Жерлеуінде мен телефонын оның қасына қоса жерлегенмін. Әр кеш сайын оған қоңырау шалып сол бір әуенді тыңдаймын. Себебі кезінде оған қатты ұнайтын болатын. Ал бүгін абонент сөндірулі тұрғанын естідім. Мүмкін қуат көзі таусылған болар. Мен сіздерден сим картаны бұғат(заблокировать) қылмауын өтінейін деп едім. Оған қоңырау шалғанымда басқа бір әуенді немесе бөтен дауысты естігім келмейді, бұл телефон әрқашан оның қасында болғанын қалаймын... Ол жылады, дене бойым шымырлап кетті. Мен оған ең болмаса бұл нөмірден бір рет қоңырау шалынуы керек немесе смс жіберілуі керек екенін түсіндіруім керек. Бірақ бұл ақымақтық боп көрінер әрине. Не дерімді білмеймін, не істесем де оған көмектесе алмайтынымды түсінемін. Оны тыныштандыра бастадым. - Мен сізді түсінемін... Өте өкінішті... - Бикеш, сіз мені есі ауысқан деп ойлап қалмаңыз, мен тек оны қатты сүйемін... Тұтқаны қоя салды... Еріксіз көзімнен жас ақты. Бойымды аяныш сезімі кернеп кетті. Желіде 30 адам кезекте тұр, ал мен көз жасыма ерік берумен отырмын.. Ойласақ, соншалықты күшті махаббат болады. Тіпті ештеңені кері қайтара алмайтыныңды, ештеңені түзей алмайтыныңды түсіне тұра, сен ол нөмірге жүз рет қоңырау шаласың, және үміттенесің... Жүрегіңе жақын сүйіктіңнің даусын соңында еститініңе үміттенесің...

Теги других блогов: оператор Теле2 байланыс желісі